Солтүстік Кореяның басшысы елдің астанасынан тұрғындарды шығаруға бұйрық берді
АҚШ-тың Солтүстік Кореяға әскери шабуыл жасау туралы қоқан-лоққысынан кейін осы елдің басшысы Пхеньянды шұғыл түрде босатуға бұйрық берді.
Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ұлыбританияның «Daily Express» газеті: «Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын АҚШ-пен арадағы қайшылығы артқан соң ел астанасы Пхеньянды босатуға бұйрық берді»,-деп хабарлады. Осы дереккөзі ресейлік ақпарат құралдарына сілтеме жасап, Солтүстік Корея астанасындағы шамамен 600 мың тұрғынның басқа жерлерге көшірілгенін хабарлады. Соңғы апталарда АҚШ басшылары Солтүстік Кореяға егер осы ел тағы бір рет зымырандық сынақ өткізетін болса, оған әскери шабуыл жасайтынын айтып, бірнеше рет қоқан-лоққы жасаған болатын.