Зариф Қазақстан, Венесуэла, Бразилия және Боливия СІМ-мен телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Fri, 14 Apr 2017 12:20:25 GMT )
Сәу 14, 2017 18:20 Asia/Almaty
  • Зариф Қазақстан, Венесуэла, Бразилия және Боливия СІМ-мен телефон арқылы сұхбаттасты

ИИР Сыртқы істер министрі Қазақстан, Венесуэла, Бразилия және Боливия Сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы жеке-жеке сұхбаттасып, аймақтық мәселелер, әсіресе Сирия және тараптарды қызықтыратын басқа да тақырыптар төңірегінде пікір алмасты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахмановпен телефон арқылы сұхбаттасып, АҚШ-тың Сирияға жасаған зымырандық шабуылын қабылдауға келмейтінін айтып, осы елдегі химиялық шабуылға қатысты бейтарап халықаралық зерттеудің жүргізілу қажеттігін қуаттады.

ИИР Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, Венесуэланың Сыртқы істер министрі  Делси Родригес ханыммен телефон арқылы сұхбатында Сириядағы өзгерістерге тоқталып,  АҚШ-тың Сирияға қарсы біржақты шарасын айыптап, химиялық шабуылға қатысты бейтарап халықаралық зерттеудің жүргізілу қажеттігін қуаттап, Қосылмау қозғалысының Сириядағы өзгерістерге қатысты белсенділік таныту керектігін баса айтты.

Сонымен қатар Иран, Бразилия және Боливия Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде  Зариф Сириядағы химиялық шабуыл мен АҚШ-тың осы елге әскери шабуылын айыптап, осы салада бейтарап халықаралық зерттеудің жүргізілуін талап етті.