Ресей АҚШ-ты NPT хаттамасын бұзғаны үшін сынады
Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің Қауіпсіздік және қарусыздандыру басқармасының төрағасы Михаил Ульянов жұма күні АҚШ-тың Еуропа елдерінде ядролық әуе бомбаларын орнату арқылы Ядролық қаруларды таратуға тыйым салу хаттамасын бұзып отырғанын мәлімдеді.
Ресей Сыртқы істер министрлігінің Қауіпсіздік және қарусыздандыру басқармасының төрағасы Михаил Ульянов жұма күні АҚШ-тың Еуропа елдерінде ядролық әуе бомбаларын орнату арқылы Ядролық қаруларды таратуға тыйым салу хаттамасын бұзып отырғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, АҚШ-тың НАТО шеңберінде еуропалық елдерде ядролық бомбалар орнату әрекеті NPT хаттамасының екі тарауын айқын бұзады. Бұл тарауларға сәйкес, ядролық алпауыттардың ядролық қаруларды тікелей немесе жанама түрде қарулардың мұндай түріне ие емес елдерге беруіне, сондай-ақ, ядролық қаруға ие емес елдердің мұндай қару түрлерін қолдануына немесе өз жерлеріне орнатуына тыйым салынған.
АҚШ 200 дана В-61 тактикалық ядролық бомбасынан тұратын өзінің тактикалық ядролық қаруларының бір бөлігін НАТО-ға мүше бес елде, атап айтқанда Бельгия, Нидерланды, Германия, Италия мен Түркияда орналастырды. Бұл ел Еуропадағы өзінің қару қоймаларын сақтау, жетілдіру және жабдықтауды көздеп отыр.
НАТО аталмыш ұйымның басты мүшесі ретінде АҚШ-тың көмегімен NPT хаттамасын бұзу саясатын жұмыс тәртібіне қойған тәрізді. Бұл мәселе Ресей мен көптеген әлем елдерінің алаңдаушылығын тудырды. Бірақ АҚШ пен НАТО бұл алаңдаушылықтар мен наразылықтардың барлығына көзжұмбайлықпен қарап, өздерінің осы қауіпті жобасын ілгерілетіп жатыр.
НАТО-ға мүше елдер осы әрекеттерімен ядролық қаруларды жою және NPT хаттамасын нығайту туралы уәждеріне қарамастан, оған нұқсан келтіріп отыр. Шын мәнінде қарусыздандыру мәселесі бойынша ресейлік басшының АҚШ-тың тактикалық ядролық бомбаларын НАТО-ға мүше бес елдің аумағында орналастыруын сынауы Мәскеудің осы аядағы бұрынғы наразылықтары мен сындарының шеңберінде бағаланады. Пентагон В-61 ядролық әуе бомбаларының жетілдірілген түрі В-61/12 деп аталатын жаңа ядролық бомбаларын Еуропаға орналастыруды көздеп отыр.
Ресейдің көзқарасы бойынша, АҚШ-тың бұл әрекеті осы екі алпауыттың арасындағы ядролық келісімдердің болмысына қайшы келіп, іс-жүзінде әсіресе Еуропа құрлығында ядролық қарулардың таралуына әкеп соқтырды.
Оған қоса америкалық ядролық бомбаларды өз жерлерінде орналастырған еуропалық бес ел осы бомбаларды таситын ұшақтарды жаңарту жұмыстарын бастаған. Бұл мәселе АҚШ пен осы елдердің аталмыш қауіпті қаруларды Еуропа жеріне орналастыруды жалғастыруды көздеп отырғанын көрсетеді. НАТО-ға мүше еуропалық елдердің Пентагонның Еуропада АҚШ-тың ядролық бомбаларын жетілдіру және оны алмастыру туралы жобасын қабылдауы үшін келтірген сылтауы ядролық қарулар НАТО-ның қорғаныстық саясатының бір бөлігі болғандықтан, бұл қарулардың барлығы өз тиімділігін сақтап қалуы қажеттігі туралы уәж болды.
Шын мәнінде НАТО-ның ядролық қарулар туралы ортақ бағдарламасы мұндай қаруларға ие емес елдерге аталмыш қару түрлеріне ие елдерді өз жерінде қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, АҚШ еуропалықтардың қауіпсіздігін сақтау сылтауымен шын мәнінде Ресей мен өзінің басқа да бәсекелестерін бақылау және оларға қатер төндіру үшін В-61 ядролық бомбаларының қоймасын сақтап, оны жетілдіруді көздеп отыр.
Сондықтан, АҚШ-тың бұл әрекетінің Ресейдің қарсы реакциясын тудыруы ¬¬- қалыпты іс. АҚШ пен НАТО Еуропада зымырандарға қарсы жүйелерді орналастырып, АҚШ Еуропадағы өзінің одақтастарының жерлерінде ядролық бомбаларды орнықтыруды жалғастырып жатқандықтан Ресейдің қарсы әрекет жасауға талпынып жатқанына жылдар болды. Осы аяда Ресей Польшамен шекаралас Калининград аймағында Искандер баллистикалық зымырандарын орналастырды.