Зариф Иран мен Грузияның экономикалық ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттады
Иран Сыртқы істер министрі: «ИИР Грузияның инфрақұрылымдарын күшейтуде әсерлі рөл атқара алады» деді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Тбилисиде Грузияның Экономика және тұрақты даму министрі Георгий Гахарияың қатысуымен өткен Иран мен Грузияның экономикалық отырысында: «Иран мен Грузия транзит саласында Еуропаға қосылатын дәлізге айнала алады. Иран Грузиямен еркінірек байланысты мақсат етеді. Виза режимін алып тастау жүздеген ирандық саяхатшының Грузияда болуына себеп болып, екі елдің байланыстарын пайдалану үшін жаңа мұрсаттар қалыптастырады» деді.
Иран Сыртқы істер министрі бастаған делегация мүшелері, соның ішінде үкіметтік және жекеменшік түрлі экономикалық бөлімдердің өкілдері де қатысқан Иран мен Грузияның экономикалық отырысында Иран мен Грузия ынтымақтастықтарының түрлі салалары қарастырылды.