Мәскеу Ресей мен Иранның Хан-Шейхундегі оқиғаға қатысты ұсынысының қабылданбағанын сынады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i26330-Мәскеу_Ресей_мен_Иранның_Хан_Шейхундегі_оқиғаға_қатысты_ұсынысының_қабылданбағанын_сынады
Мәскеу Ресей мен Иранның Сирияның Хан-Шейхун қаласындағы оқиғаға зерттеу жүргізу туралы ортақ ұсынысының химиялық қаруға тыйым салу ұйымының атқару кеңесінде қолдауға ие болмағанын сынап, бұл шешімді қабылдауға болмайтын әрекет деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 21, 2017 13:14 Asia/Almaty
  • Мәскеу Ресей мен Иранның Хан-Шейхундегі оқиғаға қатысты ұсынысының қабылданбағанын сынады

Мәскеу Ресей мен Иранның Сирияның Хан-Шейхун қаласындағы оқиғаға зерттеу жүргізу туралы ортақ ұсынысының химиялық қаруға тыйым салу ұйымының атқару кеңесінде қолдауға ие болмағанын сынап, бұл шешімді қабылдауға болмайтын әрекет деп атады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ресей Сыртқы істер министрлігінің қару-жарақты бақылауға алып, тыйым салатын басқармасының басшысы Михаил Ульянов бейсенбі күні химиялық қаруға тыйым салу ұйымының атқару кеңесінің  Ресей мен Иранның Сирияның Хан-Шейхун қаласындағы оқиғаға  зерттеу жүргізу туралы ортақ ұсынысына теріс дауыс беруін күтпеген жайт деп атап: «Батыстықтардың Иран мен Ресейдің ұсынысын бекітпеуі – Батыс мемлекеттерінің Сирия әскерінің  Хан-Шейхунде химиялық қаруды пайдаланбағанын қабылдағандарының белгісі»,- деді.