АҚШ Таяу Шығыстағы мемлекеттердің шекараларын өзгертуге талпыныс жасауда
Сәу 25, 2017 18:00 Asia/Almaty
Түркия әскері барлау қызметінің бұрынғы басшысы: "АҚШ сионистік режимнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Таяу Шығыстағы шекараларды өзгертуді көздеп отыр",- деді.
Түркия әскері Барлау қызметінің бұрынғы басшысы Исмайыл Хақи Пакин дүйсенбі күні Sputnik ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ-тың Таяу Шығыстағы шамамен 20 мемлекеттің шекараларын өзгертуді көздеп отырғанына сілтеме жасап: "АҚШ-тың бұл әрекеті Иран Ислам Республикасының аймақтық күш-қуатының артуының алдын алып, сионистік режимнің аймақтағы мүдделерін сақтау мақсатында жасалып отыр",- деп мәлімдеді.
Хақи Пекин Ресей мен Түркия қарым-қатынастарының келешегі туралы: "Анкараның Сирия президенті Башар Асадты биліктен тайдыруға негізделген дұшпандық саясатын тоқтатуы Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды қайтадан жақсарта алады",- деді.