Солтүстік Корея сионистік режимді әлем үшін қауіп деп атады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i26596
Солтүстік Корея сионистік режимді әлемдегі бейбітшілікке қауіп деп атап: «Бұл режимде ядролық қарулар бар. Ал әлемдік қауымдастық бұл шындыққа көзжұмбайлық танытып отыр»,-деп мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 30, 2017 16:58 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея сионистік режимді әлем үшін қауіп деп атады

Солтүстік Корея сионистік режимді әлемдегі бейбітшілікке қауіп деп атап: «Бұл режимде ядролық қарулар бар. Ал әлемдік қауымдастық бұл шындыққа көзжұмбайлық танытып отыр»,-деп мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Солтүстік Кореяның сионистік режимге реакциясы осы режимнің Соғыс министрі Авигдор Либерман Солтүстік Кореяның  жетекшісі Ким Чен Ынды «есінен ауысқан» деп атап, бұл елмен ықтималды соғыстың Израильге тікелей әсер ететінін айтқан жағдайда білдірілді.

Солтүстік Кореяның бір ақпарат агенттігі бүгін осы ел үкіметінің мәлімдемесін жариялап, Либерманның ойланбай айтылған сөздерін дөрекі деп атап: «Осындай ұят әрі тұрпайы сөздер айту Пхеньян тарапынан шынайы түйткіл болып саналады.

Сионистік режим осындай мәселелерді көтеру арқылы әлемнің қоғамдық пікірін Таяу Шығыстағы басқыншылық саясаттары мен жасап жатқан қылмыстарынан алдарқатқысы келеді»,-деп баса айтты.

Израиль Соғыс министрінің сөздері бұл режимнің кемінде 200 ядролық оқтұмсыққа ие болып, ешбір халықаралық ұйым осы режимнің ядролық жұмыстарына бақылау жасамай отырған жағдайда айтылды.