Дауыл Американың оңтүстігінде 9 адамның өмірін қиды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i26638-Дауыл_Американың_оңтүстігінде_9_адамның_өмірін_қиды
Американың кейбір оңтүстік штаттарында тұрған дауыл 9 адамның қазасы мен ондаған адамның жаралануына себеп болды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 01, 2017 16:50 Asia/Almaty
  • Дауыл Американың оңтүстігінде 9 адамның өмірін қиды

Американың кейбір оңтүстік штаттарында тұрған дауыл 9 адамның қазасы мен ондаған адамның жаралануына себеп болды.

Дауыл Американың оңтүстігінде орналасқан Техас штатының шығысындағы Кантон қаласын шарпыды. Соның салдарынан төрт адам қазаға ұшырап, 49 адам жараланды. Табиғат апаты сондай-ақ Миссури, Арканзас және Миссисипи штаттарында 5 адамның өмірін қиып, үйлердің ойран болуы мен  электр желілерінің үзілуі мен ағаштардың сынуына себеп болды.