Дауыл Американың оңтүстігінде 9 адамның өмірін қиды
Maм 01, 2017 16:50 Asia/Almaty
Американың кейбір оңтүстік штаттарында тұрған дауыл 9 адамның қазасы мен ондаған адамның жаралануына себеп болды.
Дауыл Американың оңтүстігінде орналасқан Техас штатының шығысындағы Кантон қаласын шарпыды. Соның салдарынан төрт адам қазаға ұшырап, 49 адам жараланды. Табиғат апаты сондай-ақ Миссури, Арканзас және Миссисипи штаттарында 5 адамның өмірін қиып, үйлердің ойран болуы мен электр желілерінің үзілуі мен ағаштардың сынуына себеп болды.
Тегтер