АҚШ - көптеген мемлекеттердің тұрақсыздығының факторы
https://parstoday.ir/kz/news/world-i26700-АҚШ_көптеген_мемлекеттердің_тұрақсыздығының_факторы
Иранның Қорғаныс министрі АҚШ-тың үлкен апатқа себеп болған Ирак, Сирия және Йемендегі араласушылықтарына тоқталып: «Америкалықтардың қауіпсіздік пен адам құқығына қатысты ұрандары өкінішті»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 03, 2017 09:26 Asia/Almaty
  • АҚШ - көптеген мемлекеттердің тұрақсыздығының факторы

Иранның Қорғаныс министрі АҚШ-тың үлкен апатқа себеп болған Ирак, Сирия және Йемендегі араласушылықтарына тоқталып: «Америкалықтардың қауіпсіздік пен адам құқығына қатысты ұрандары өкінішті»,- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Қорғаныс министрі Хосейн Дехқан сейсенбі күні  «Миналардан хабардар болу және оларды залалсыздандыруға көмектесу» атты конференцияда «АҚШ Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін әлемде бір полюстік жүйе орнатуды мақсат етуде. Вашингтон өз мақсаттарына жету үшін әлемнің көптеген жеріндегі, соның ішінде Ауғанстан мен Ирактағы тұрақсыздыққа себеп болды. Америкалықтардың ұрандары тек Вашингтонның басқа елдерге қарсы шабуылдарын ақтау үшін айтылады. Америкалықтардың химиялық қаруды сылтауратып, Сирияға қарсы жуырдағы шабуылы америкалықтардың билікқұмарлығының келесі  белгісі»,- деді.

Иранның Қорғаныс министрі Иран халқының сегіз жылға созылған қасиетті қорғаныс кезінде барлық Батыс және араб үкіметтерінің ең үрейлі шабуылдармен бетпе-бет келгенін еске салып: «Иран халқы мина мен басқа жарғыш заттар орнатылған  жерлерді тазалау үшін көптеген қаржы жұмсап, көптеген адам сол жолда шәһид болды»,- деді.