Иран Американың ядролық саясатын сынады
Ядролық қаруларды өндіру мен таратуға тыйым салу уағдаластығын (НПТ) қайтадан қарау конференциясының бастапқы комитетінің отырысындағы ирандық делегацияның төрағасы Американың ядролық саясатын сынады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауынша, СІМ-нің саяси істер және халықаралық қауіпсіздік департаментінің төрағасы әрі НПТ шартын қайтадан қарау конференциясының бастапқы комитетінің Австрияның Вена қаласындағы бірінші отырысында ирандық делегацияның төрағасы Ғоламхосейн Деһқани: «Әлем ядролық алпауыттардың жанталаса қарулануына куә болып отыр. АҚШ президенті Дональд Трамп та өзінің ядролық қару қоймаларын саны мен сапасы жағынан кеңейтуді мақсат тұтып отырғанын мәлімдеді» деді.
Деһқани әлемде ядролық қару өндірудің жалғасуын алаңдатарлық жағдай деп атап: «Егер осы жағдайды шешу үшін жедел талпыныс жасалмаса, НПТ шартының жарамдылығы шынайы түйткілге тап болады» деді.
Деһқани сондай-ақ АҚШ өкілінің Иранды ядролық қару өндіру және лаңкестікті қолдау саясатын мақсат етуде деген мәлімдемесіне көрсеткен реакцияда: «Америка сылтау іздеп, негізсіз айып тағудың орнына "Ортақ қадам" жан- жақты бағдарламасына қатысты міндеттемелерін орындауы керек» деді.