Иранның жағалау футболдан құрама командасы әлем кубогында үшінші орын алды
Иранның жағалау футбол бойынша құрама командасы Багам аралдарында өткен 2017 жылғы әлем кубогында Италия командасын жеңіп, үшінші орынды иеленді.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның жағалау футболдан құрама командасы жексенбі күні Кубаның солтүстігінде орналасқан Багам аралдарында өткен жағалау футболы бойынша 2017 жылғы әлем кубогында Италия командасын 5:3 есебімен жеңіп, алғашқы рет әлем кубогының тұғырына шықты.
Иранның жағалау футболдан құрама командасы ширек финалда Швеция командасын жеңіп, жартылай финалда Таити командасымен кездесуде пенальти соққысының нәтижесінде жеңіліске ұшырап, финалға шығу жолдамасынан айрылды.
Финалдық кездесуінде Бразилия құрама командасы Таити командасын 6:0 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды.