Maм 10, 2017 14:43 Asia/Almaty
  • Иран, Ресей және Түркия Сирияда қауіпсіздік аймақтар құруды мақсат етуде

Иран Сыртқы істер министрлігінің Араб-Африка істері жөніндегі орынбасары: «Иран, Ресей және Түркия Сирияда қауіпсіздік аймақтар құруды мақсат етуде. Бұл жоба батыстықтардың ойындағы қауіпсіз аймақтардан басқа»,- деді.

ИСНА-ның мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің Араб-Африка істері жөніндегі орынбасары Джабери Ансари сейсенбі күні Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік комиссиясының отырысында Астанада Сирияға қатысты төртінші отырыстың өткеніне тоқталып: «Сол отырыста Сирияда қауіпсіздік аймақтар құру туралы меморандум дайындалды. Дайындалған құжат бойынша қауіпсіздік аймақтар қақтығыстар жүріп жатқан негізгі төрт аймақта құрылады. Бұл батыстықтардың ойындағы қауіпсіз аймақтарға сай келмейді. Бұл құжаттың Сирияда іске асырылуына Ресей, Иран және Түркия кепіл болады»,- деді. Иран Сыртқы істер министрлігінің Араб-Африка істері жөніндегі орынбасары сонымен бірге Иорданияның Сирияға араласуына қатысты ескерту жасады.

Иран, Ресей және Түркия елдерінің өкілдері Хосейн Джабери Ансари, Александр Лаврентьев пен Саадат Унал мамырдың 4 күні Астанада өткен  төртінші отырыста Сирияда қауіпсіздік аймақтар құру туралы меморандумға қол қойды.

 

 

Тегтер