Сионистік режим ядролық қарудан ада Таяу Шығыс құруға кедергі болып отыр
Венада ядролық қаруды таратуа тыйым салатын НПТ хаттамасын қайта қарастыру конференциясының дайындық комитетінің отырысы өтуде.
Ядролық қаруды жою хаттамасын іске асыру, және ядролық қарудан ада Таяу Шығыс құру, сондай-ақ ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтар жағдайын қарастыру отырыстың негізгі тақырыптарының қатарын құрады.
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі (АҚХА) Иранның өкілі Реза Наджафи сейсенбі күні Иранның ұстанымдарын баяндады. Ол ядролық қаруларды толық жойып, әлемнің барлық аймақтарында ядролық қарулардан ада аймақтар құру қажеттігіне тоқталып: «АҚШ-тың жан-жақты қолдауына ие сионистік режим – Таяу Шығыста ядролық қарудан ада аймақ құрудағы ең негізгі кедергі»,- деді. Бұл салада осы кезге дейін БҰҰ Бас Ассамблеясы пен НПТ хаттамасын қайта қарастыру конференциясы тарапынан көптеген қарар бекітілгенімен, іске асырылмады. Бұл шешімдердің іске асырылымауының және ядролық қарудан ада Таяу Шығыс аймағының құрылмауының себебі сионистік режимнің қарсылығы мен АҚШ үкіметінің осы режимді қолдауы болды.
НПТ хаттамасының маңызды екі мақсаты бар: бірінші мақсаты – бұл құжаттың 6-шы бабында айтылған барлық ядролық қаруды жою. Алайда ядролық қаруға ие мемлекеттердің бұл саладағы міндеттемелерін орындамауына байланысты іс жүзінде бұл бап іске асырылмай, НПТ-дің ең негізгі дағдарысы саналады. Ядролық қаруға ие елдер оларды толық жою міндеттемелерін іске асыра алмайды. Қандай сылтаумен болса да ядролық қаруға ие болу бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін қоқан-лоққы саналады. Бүгінде әлемнің қару-жарақ арсеналдарында мыңдаған ядролық қару жиналып, адамзат үшін шынайы қоқан-лоққы болып отыр. Ядролық қарудың әлемде таралуына алаңдайтыны туралы уәж айтатын АҚШ кемінде 9000 атом бомбасына ие екенін жариялап, олардың көбінің Еуропадағы АҚШ-тың базаларында орналасқанын растады. АҚШ – ядролық қаруды пайдаланған жалғыз мемлекет. Сондай-ақ атом қаруларына ие елдер соғыс құралдарын жаңартуға миллиардтаған доллар жұмсауда. Таяу Шығыс аймағындағы ядролық қаруға ие жалғыз режим Израиль аймақ қауіпсіздігін қатерге тіреуде. Негізінде, АҚШ пен ядролық қаруға ие басқа да мемлекеттер – ядролық қарудың әлемде таралуының негізгі факторлары.Сионистік режим АҚШ және Франция сынды кейбір еуропалық үкіметтердің қолдауымен өзінің ядролық арсеналын үлкейтіп алды. Кейбір мәліметтер бойынша, Израильдің қолында 200-400 атом оқтұмсықтары бар.
Ядролық қаруды таратуға тыйым салатын НПТ хаттамасын іске асыру жолындағы дағдарыстар мен хаттаманы қайта қарастыру үдерістің баяулап, оның іске асырылуына кедергі болуда. Сондықтан ядролық қарудан ада Таяу Шығыс құру ядролық қаруды жою саласындағы маңызды қадам бола алады. Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі Иранның өкілі айтқандай «Ядролық қарудан ада Таяу Шығыс құрудың жалғыз жолы сионистік режимге халықаралық қысым көрсетіп, бұл режимді НПТ хаттамасына қосылуға мәжбүрлеу болып табылады».