Малайзияда Иранның қатысуымен исламдық жұмыс берушілердің халықаралық форумы өтті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i26972-Малайзияда_Иранның_қатысуымен_исламдық_жұмыс_берушілердің_халықаралық_форумы_өтті
Исламдық жұмыс берушілердің бір күндік халықаралық екінші форумы Малайзияның астанасы Куала-Лумпурда бүкіл ислам әлемінен, соның ішінде Ираннан келген идея иелері мен жұмыс берушілердің қатысуымен өтті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 11, 2017 18:45 Asia/Almaty
  • Малайзияда Иранның қатысуымен исламдық жұмыс берушілердің халықаралық форумы өтті

Исламдық жұмыс берушілердің бір күндік халықаралық екінші форумы Малайзияның астанасы Куала-Лумпурда бүкіл ислам әлемінен, соның ішінде Ираннан келген идея иелері мен жұмыс берушілердің қатысуымен өтті.

Бейсенбі күні Куала-Лумпурда өткен исламдық жұмыс берушілердің халықаралық екінші форумында түрлі елдерден келген 30 баяндамашы исламдық банк, туризм, исламдық модалар, халал өнімдер, денсаулық сақтау, исламдық сән үлгілері және қаржы істері салаларында өз көзқарастарын ұсынды.

Форумның ашылу рәсіміне Куала- Лумпурдағы Иран ислам республикасының мәдени кеңесшісі Әли Мұхаммад Сабеғи де қатысты 

Халықаралық форумды өткізудегі мақсат халықаралық деңгейде жұмыс пен қызметті кеңейту, ислам әлемінің мүмкіндіктерімен көбірек танысып, ислам әлемінің ірі нарығына қол жеткізу, сауда брендтері мен жарнама, ислам елдері арасында инвестиция салу үшін өнімдер мен коммерциялық идеяларды таныстыру деп жарияланды.

Иран үшінші отырысты Теһранда өткізуге мүдделік танытты.