Ресей мұнай экспортын қысқартуды қолдады
Ресейдің Энергетика министрі Мұнай Экспорттаушы Елдер Ұйымымен (ОПЕК) экспортты қысқарту туралы келісімді ұзартуды қолдады.
Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак осы елдің биылғы жылдың екінші жартысында "ОПЕК" ұйымына мүше және мүше емес елдердің мұнай экспортын қысқарту келісімін ұзартуға қолдау білдірді.
Ресейдің Энергетика министрі "ОПЕК" ұйымына мүше және мүше емес елдердің кемінде алты айға немесе тіпті одан да көбірек мерзімге мұнай экспортын қысқарту келісімін ұзарту ықтималының зор екендігін мәлімдеді.
ОПЕК мүшелері биылғы жылдың басынан алты айға күніне бір миллион 200 мың баррель мұнай экспортын қысқартуды және оны 32 миллион 500 мың баррелге жеткізуді қабылдады.
Мұнайдың бағасы 2016 жылдың қараша айының орта шенінен өндірісті қысқарту келісімінен кейін 25 пайызға ұлғайып, әр баррель үшін шамамен 50 долларға жетті.
Ресей күніне шамамен 11 миллион баррель мұнай өндіреді.