Иранның еркін күрестен құрама командасы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i27076-Иранның_еркін_күрестен_құрама_командасы_Азия_чемпионатында_жеңімпаз_атанды
Иранның еркін күрес бойынша құрама командасы алтын, күміс және қоладан тұратын жалпы саны сегіз медальды қоржынына салып, Нью-Делиде өткен 27-ші Азия чемпионатының тұғырына көтерілді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 15, 2017 10:17 Asia/Almaty
  • Иранның еркін күрестен құрама командасы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

Иранның еркін күрес бойынша құрама командасы алтын, күміс және қоладан тұратын жалпы саны сегіз медальды қоржынына салып, Нью-Делиде өткен 27-ші Азия чемпионатының тұғырына көтерілді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ирандық сегіз балуан жексенбі күні Үндістанның астанасы Нью-Делиде өткен екі күндік жарыстың қорытындысында өздерінің мықты қарсыластарын жеңіп, жалпы есеппен үш алтын, бір күміс және төрт қола медаль иемденді.

125, 61 және 86 кг салмақтағы ирандық балуандар алтын медальиемденді.

97 кг салмақтағы Иранның күрес командасының мүшесі екінші орынды иемденіп, кеудесіне күміс медаль тақты.

Сонымен қатар ирандық палуандар еркін күрес бойынша Азия чемпионатының 70, 57  және 65 кг салмақтағы қола жүлделерін жеңіп алды.

Еркін күрес бойынша Азия чемпионатындағы жалпы командалық есепте бірінші орынды 71 ұпаймен Иран құрама командасы, екінші орынды 55 ұпаймен Жапония командасы, 49 ұпаймен үшінші орынды Өзбекстан командасы иеленді.