Maм 16, 2017 14:35 Asia/Almaty
  • АҚШ-тағы атыстарда 34 адам қаза болды

АҚШ-та өткен 24 сағатта орын алған ондаған атыста 108 адам зардап шекті.

 
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша АҚШ-тағы қару-жарақ қатыгездіктерін тіркейтін орталық: «АҚШ-та өткен 24 сағатта орын алған 89 атыста  кемінде 34 адам қаза болып,  74 адам жарақат алды» деп мәлімдеді.
Осы мәлімет бойынша атыстардың көбі Луизиана, Арканзас, Техас және Флорида штаттарында орын алған. Жыл сайын АҚШ-тың әртүрлі аймақтарында атыстардың салдарынан мыңдаған адам қаза болып, жарақат алады.
АҚШ үкіметі өткен екі жылда қару тасымалдау заңына өзгеріс енгізуге талпыныс жасағанымен қару шығаратын үлкен компаниялардың иелері АҚШ Конгресіндегі ықпалдарын пайдаланып, қару тасымалдауға шектеу қоюға рұқсат етпей отыр.
 

 

 

Тегтер