Тиллерсон Трамптың Сауд Арабиясы сапары қарсаңында Иранға қарсы уәж айтты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i27112-Тиллерсон_Трамптың_Сауд_Арабиясы_сапары_қарсаңында_Иранға_қарсы_уәж_айтты
АҚШ Мемлекеттік хатшысы негізсіз уәждерімен Иранды лаңкестіктің қолдаушысы және Таяу Шығыстағы тұрақсыздықтың факторы деп атады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон жексенбі күні NBC арнасына берген сұхбатында Иранға негізсіз айып тағып, АҚШ Президенті Дональд Трамптың Рияд, Тель-Авив және Ватикан сапарларының мақсатын Иранға қарсы коалиция құру деп жариялады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 16, 2017 11:27 Asia/Almaty
  • Тиллерсон Трамптың Сауд Арабиясы сапары қарсаңында Иранға қарсы уәж айтты

АҚШ Мемлекеттік хатшысы негізсіз уәждерімен Иранды лаңкестіктің қолдаушысы және Таяу Шығыстағы тұрақсыздықтың факторы деп атады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон жексенбі күні NBC арнасына берген сұхбатында Иранға негізсіз айып тағып, АҚШ Президенті Дональд Трамптың Рияд, Тель-Авив және Ватикан сапарларының мақсатын Иранға қарсы коалиция құру деп жариялады.

Тиллерсон сөзінде АҚШ-тың аймақтағы бүлдіргі рөліне мән бермей: «АҚШ Президенті аймақтағы діндер мен халықтарды біріктіруді мақсат етуде»,- деген уәж айтты. АҚШ Мемлекеттік хатшысы бұл уәждерін АҚШ-тың әскери араласушылығы аймақты тынышсыздық, соғыс және жіктелуге тіреген жағдайда айтып отыр. АҚШ, Израиль мен Сауд Арабиясы қолдайтын лаңкестік топтардың алаңына айналған Батыс Азия аймағының қазіргі өкінішті жағдайы бұл шындықты растайды. АҚШ қауіпсіздік орнату сылтауымен біржақты әрекет етіп, Батыс Азиядан Солтүстік Африкаға дейінгі аймақты қақтығыстарға тіреді. АҚШ өткен 40 жылда аймақта қауіпсіздік орнатуды көздемейтінін және шынайы қоқан-лоққылармен күресуге шара қолданбайтынын сан рет көрсетті. АҚШ ДАИШ-ке көрсеткен көмегімен лаңкестік топтарға әрекеттерін жалғастыру үшін жағдай тудырды. АҚШ бұдан бұрын да әл-Қаиданы қолдап, Таяу Шығыс аймағында өз билігін жүргізбек болған. АҚШ-тың әрекеттері аймақ пен әлем халықтары үшін лаңкестік, соғыс, жіктелу және тынышсыздықтардан басқа нәтиже әкелмеді. Бүгінде Иранмен шекаралас мемлекеттер лаңкестік пен қайшылықтарға куә болып отыр.  АҚШ әртүрлі сылтаумен Иранға қарсы коалиция құрып, осы ұстанымымен шындықты өзгерткісі келеді. АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранға қарсы уәждері негізінде сол елдің Ираннан үркіту саясатының жалғасы. АҚШ-тың аймақтағы дипломатиялық жұмыстары бұл мемлекеттің араб елдерінің Иранға қарсы араб коалициясын құруға дайындығын арттырып отырғанын көрсетеді. Кейбір ақпарат құралдары мен саяси топтар бұл әрекеттерді АҚШ-тың аймақтағы кейбір араб елдерін пайдалану арқылы Иранмен тайталасындағы жаңа кезеңнің басталуы деп санайды.

Лондонда шығатын «Raialyoum» газеті осыдан біраз уақыт бұрын өз мақаласында аймақтағы кейбір араб үкіметтерінің саясаттарын сынап, бұл үдерісті Парсы шығанағы елдерінің «Иранның қатеріне қарсы тұру» деп аталған жаңа жобаның торына түсу деп атады.

Негізінде бұл үдерістен Сауд Арабиясы мен аймақтың басқа кейбір араб үкіметтері пайда көрмек. Сауд Арабиясы осыдан бірнеше ай бұрын өткен Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесінің отырысында Иранға қарсы аймақтық араб коалициясын құруды ұсынған болатын. Бұл бүгін Тиллерсонның Трамптың аймаққа сапарының мақсаты туралы сөздерімен айқындала түсті. Дегенмен, бұл үдерісте Парсы шығанағының араб елдерінің барлығы АҚШ пен Сауд Арабиясын қолдамайды. Бірақ, АҚШ  Мемлекеттік хатшысы бұл мәселеде аймақ мемлекеттерінің барлығының пікірі ортақ және АҚШ-тың бұл мәселеге араласуы аймақ мемлекеттерінің қалауы деп көрсетуге талпыныс жасауда.