Иранға төрт "ATR" ұшағы табыс етіледі
Maм 16, 2017 16:50 Asia/Almaty
Иран ислам республикасының әуе компаниясына төрт "ATR" ұшағы табыс етіледі. Ұшақтар ертең сәрсенбі күні елге әкелінеді.
20 "ATR" ұшағын сатып алу келісімшартына Иранның "Homa" әуе компаниясы мен "ATR" ұшақ өндіруші компаниясы арасында биылғы жылдың сәуір айының 10 күні қол қойылған болатын.
"ATR" ұшақ өндіруші компаниясының 50 пайызы Францияның "Airbus" компаниясына тиесілі болса, қалған 50 пайызы италиялық "Leonardo" компаниясына тиесілі.
"ATR" ұшағы 74 жолаушы тасымалдайтын аймақтық ұшақтардың қатарына жатады.
Тегтер