АҚШ лаңкестерді дамыған зымырандармен қамтамасыз етуді жалғастыруда
https://parstoday.ir/kz/news/world-i27198-АҚШ_лаңкестерді_дамыған_зымырандармен_қамтамасыз_етуді_жалғастыруда
Соңғы хабарларға сәйкес, АҚШ лаңкестерге қолдау көрсетуінің жалғасында лаңкестік топтарды лазерлік дәлдеу жүйесі бар TOW зымыранының үшінші буынымен қамтамасыз етті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 19, 2017 12:00 Asia/Almaty
  • АҚШ лаңкестерді дамыған зымырандармен қамтамасыз етуді жалғастыруда

Соңғы хабарларға сәйкес, АҚШ лаңкестерге қолдау көрсетуінің жалғасында лаңкестік топтарды лазерлік дәлдеу жүйесі бар TOW зымыранының үшінші буынымен қамтамасыз етті.

Батыс елдерінің ДАИШ тобына қолдау көрсетуіне қарамастан, Ирактың халықтық күштері лаңкестермен күресті жалғастыру қажеттігін қуаттап, елдегі лаңкестерге ауыр соққы берді. АҚШ-тың лаңкестерді дамыған зымырандармен көбірек қамтамасыз етіп жатқаны туралы хабарлардың таралуымен бірге лаңкестердің химиялық қаруларды көбірек қолдануына байланысты әрекеттердің етек жайғаны туралы хабарлар да жарияланған болатын. Батыс елдерінің үкіметтері мен кейбір араб мемлекеттерінің лаңкестерге жаппай қыратын қаруларын ұсынуда маңызды рөл атқарғанын айтқан жөн.

Ирактың қауіпсіздік ақпарат көздерінің мәліметі бойынша, біраз уақыт бұрын АҚШ белгі бергенннен кейін, Түркия Сауд Арабиясы мен Катардың ақшасына химиялық бомбалар жасауда пайдаланылатын көп көлемде химиялық заттарды Украина мен басқа да Батыс елдерінен сатып алып, ДАИШ лаңкестік тобына ұсынған. Бұл соңғы айлар ішінде Батыстың, әсіресе АҚШ-тың лаңкестерді демеуі кең етек жайып, Трамп үкіметі Сириядағы наразылар тобына сауытты техника жіберген жағдайда орын алып отыр. "Сирия демократиялық күштері" деп аталатын топ Сирия үкіметіне қарсы қарулы наразылар тобы жақында АҚШ-тың жіберген сауытты техникасының алғашқы легінің қолдарына жеткенін растап, оларға қару-жарақ тұрғысынан бұдан да көп қолдау көрсетуге уәде бергенін мәлемдеген еді.

Ақпараттық топтардың хабарлауы бойынша, Сириядағы лаңкестер соңғы айларда "Град" зымырандарымен қамтамасыз етілгеннен кейін олардың қарулануы америкалық әуе шабуылына қарсы зенитті зымыран кешенімен толықтырылған. Сирия мен аймақтағы лаңкестерді қолдаушы саудиялық Asharq Al-Awsat газеті Сирия мәселесі жөніндегі америкалық маман Чарльз Лестердің сөздеріне сілтеме жасап: "Сирияның солтүстігіндегі "Еркін әскер" деп аталатын қарулы топтардың қолына әуе шабуылына қарсы тасымалды зенитті-зымыран кешенінің кемінде екі тиелімі жетіп, сонымен қатар, АҚШ-тың TOW зымырандары Сирияның солтүстік бөлігіне жөнелтілді",- деп мәлімдеді.

Сирия мен Ирактағы өзгерістер мен соған байланысты АҚШ-тың арандату әрекеттері Американың Сирия және Ирак әскері мен үкіметін әлсіретіп, лаңкестерді күшейтуден басқа мақсаты жоқ екенін көрсететді. Осы орайда АҚШ лаңкестікті жақсы және жаман деп екіге бөлу секілді бос сөздерімен өзінің әртүрлі елдердегі біржақты саясаттарын ақтауға мүдделі болып отыр. Соңғы апталарда Сирия және Ирак әскері лаңкестерге қарсы күрес пен Сирия мен Ирактың түрлі аймақтарын лаңкестерден тазалау ісінде айтарлықтай табысқа жетті. Осылайша Сирия және Ирак әскері мен халықтық ерікті күштерінің лаңкестерге қатысты мәселені түпкілікті және бірден шешуге бағытталған әрекеті лаңкестердің демеушілерінің, әсіресе АҚШ-тың алаңдаушылығын тудырғаны айдан анық. Мұндай кеңістікте АҚШ лаңкестерге көбірек көмек, әсіресе әскери көмек жіберу үшін қолайлы жағдай орнату мақсатында лаңкестерді күшейтіп, Сирия мен Ирактағы лаңкестерге қарсы әскери амалдарға зиян келтіріп, сол амалдарды создыруға мүдделі болып отыр. АҚШ-тың жуырдағы әрекеттері де оның Сирия мен Ирак халқына көмек жеткізу сылтауымен лаңкестерді бұрынғыдан да қауіпті қарулармен қамтамасыз ету үшін жасағанын дәлелдейді. Қалай болғанда да, АҚШ-тың әрекеттері қандай дәлелмен іске асып отырса да, түбінде оның нәтижесі лаңкестерге пайдалы болып, түрлі аймақтардағы лаңкестердің күшеюіне соқтырады. Мұндай жағдайдың жалғасуы америкалықтардың өздері аймақтағы дағдарыстар үшін өте апатты аспектілерге әкеп соқтырады. Сирия дағдарысы өте шиеленіскен мәселе. Бірақ, бұл дағдарыстың негізі шетелдіктердің араласушылығы, лаңкестерге ақша төлеу мен оларға қару-жарақ жөнелту және лаңкестердің Сирия жеріне кіруінің жалғасуы болып табылады. Бұл мәселелердің барлығында АҚШ-тың рөлі ерекше.