Ирандық спортшылар Бакуде өтіп жатқан жарыстарда сегіз медаль алды
Maм 22, 2017 16:03 Asia/Almaty
Иранның спорт керуені Бакуде өтіп жатқан «Ислам елдерінің бірлігі» ойындарының төртінші кезеңінде жеті алтын, бір күміс медаль алды. Моджтаба Валипур мен Шаһнам Назарпур үш метрлік трамплиннен синхронды секіру бойынша алтын медаль иемденді.
Күрес бойынша да Иран бес алтын және бір күміс медальға қол жеткізді.
Иранның спорт керуені Бакуде өтіп жатқан "Ислам елдерінің бірлігі" ойындарының төртінші кезеңінде осы уақытқа дейін 90 медаль, соның ішінде 31 алтын, 26 күміс, 33 қола медальмен үшінші орынға шықты.
Тегтер