Иранның дзюдодан ұлттық командасы Азия біріншілігінде қола жүлде алды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i27506-Иранның_дзюдодан_ұлттық_командасы_Азия_біріншілігінде_қола_жүлде_алды
Иранның дзюдошылары үш рет ұтып, бір ұтылып, Азия біріншілігіндегі командалық есепте қола жүлде иеленді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 28, 2017 16:49 Asia/Almaty
  • Иранның дзюдодан ұлттық командасы Азия біріншілігінде қола жүлде алды

Иранның дзюдошылары үш рет ұтып, бір ұтылып, Азия біріншілігіндегі командалық есепте қола жүлде иеленді.

Гонконгта өткен Азия біріншілігінде командалық сайысқа жеткен Иранның дзюдодан ұлттық командасы жексенбі күні қола жүлдеге қол жеткізу үшін Қазақстан командасымен кездесіп, үш ұтыспен өз қарсыласын жеңіп, Азия біріншілігінде үшінші орынға табан тіреді.

Иранның дзюдодан ұлттық командасы командалық сайыстарда алдымен 4:1 есебімен Пәкістан командасын жеңіп, екінші кезеңде Жапония командасынан жеңілді. Содан кейін Қытай командасын 4:1 есебімен жеңіп, соңғы сайыста Қазақстан командасымен бақ сынасты.

Ирандық дзюдошылар осыдан бұрын Азия біріншілігінің жекелей сайыстарында 2 күміс жүлде алған болатын.

28 елден келген 242 дзюдошының қатысуымен жұма күні Гонконгта басталған дзюдодан Азия біріншілігі жексенбі күні өз мәресіне жетті.