Кабулға жасалған шабуылдың артында Пәкістан әскері тұр
Ауғанстан президенті Ұлттық бірлік үкіметінің Пәкістан үкіметіне қарсы ұстанымын анықтау үшін елде ұлттық консенсуске жетуді сұрады.
Ауғанстанның қауіпсіздік органдары 100 адамның қаза болып, 500 адамның жарақаттануына соқтырған Кабулдағы жарылысты Хақани лаңкестік тобы Пәкістан әскерінің барлау қызметімен бірлесе отырып жасады деп есептейді.
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Кабулға жасалған шабуылға қатысты телеарна арқылы сөйлеген сөзінде халықты жұмылуға шақырып: "Саяси және жиһадтық жетекшілер, тайпа басшылары мен ауған халқы өкілдерімен бірлескен кеңестен кейін Ауғанстан үкіметі Ауғанстан қауіпсіздік күштеріне лаңкестікпен күресте арнайы өкілеттіктерді беру туралы бұйрық шығаруға шешім қабылдайды",- деп мәлімдеді.
Ауғанстан президенті ауған халқы мен үлемдерін, саяси қайраткерлері мен Ұлттық кеңесті және бұқаралық ақпарат құралдары мен әйелдерді, сонымен қатар азаматтық қоғам мен жастарды Үкіметтің жанында ұлт болып жұмылып, Ауғанстан дұшпандарына қарсы ортақ және түзу сап түзеуге шақырды.