Аймақтағы алауыздықтарды шешудің ең жақсы жолы – саяси келіссөздер
Иран СІМ Зариф Арабстан мен кейбір араб елдерінің Катармен байланыстарын үзуіне тоқталып: «Елдердің арасындағы келіспеушіліктерді шешудің ең жақсы жолы – саяси келіссөздер» деді.
Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Норвегияның астанасы Осло қаласында форум басталудан бұрын Словакия СІМ Мирослав Лайчакпен кездесуде: «Аймақтық келіспеушіліктерді шешу үшін қысым жасап, әскери тәсіл қолдану – қате шешім» деді.
Иран СІМ ваххабилік сенімге негізделген салафиттік көзқарасты аймақтағы әсірешілдіктің тамыры деп атады.
Зариф сонымен қатар Иран мен Словакия байланыстарын кеңейтуді қуаттап, Лайчакты 2017 жылдың тамыз айының бесі күні өтетін ИИР президентінің инаугурация рәсіміне қатысуға шақырды.
Лайчак та кездесуде ИИР Сыртқы Істер Министріне 17 адамның шәһид болып, 52 адамның жарақат алуына соқтырған жуырда Теһранда болған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айтып, еуропалық елдердің «Ортақ қадам» бағдарламасы келісімін орындауға берік екендіктерін қуаттады.
Лайчак сондай-ақ, Словакияның Иранмен екіжақты серіктестіктерді жалғастыруға әзірлігін мәлімдеді.
Зариф бұл кездесуден бұрын Норвегия мен Индонезия Сыртқы Істер Министрлері және Еуропа Одағының Сыртқы саясат жөніндегі жоғары өкілімен кездесіп, сөйлескен болатын.