Саудиялық басшылар әшкере түрде соғысты Иранның ішіне апару туралы айтты
(last modified Wed, 14 Jun 2017 12:55:41 GMT )
Маусым 14, 2017 18:55 Asia/Almaty
  • Саудиялық басшылар әшкере түрде соғысты Иранның ішіне апару туралы айтты

Иран Сыртқы істер министрі Зариф: «Сауд Арабиясының басшылары әшкере түрде соғысты Иранның ішіне апару туралы айтты. Бұл тікелей жасалған қоқан-лоққы»,- деді.

Сауд Арабиясының тақ мұрагері әрі Қорғаныс министрі Мұхаммад бен Салман осыдан бұрын өз елінің ресми телеарнасына берген сұхбатында: «Соғысты Иранның ішіне апарып, Иранды соғыс майданына айналдырамыз»,- деген болатын.

ИРНА-ынң мәліметі бойынша, ИИР Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Осло форумында «Иран неліктен лаңкестік шабуылдың артында Сауд Арабиясы тұр деп айтты?» деген сұраққа: «Иранда лаңкестік шабуыл орын алған күні Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі  де Твиттерде жазба жариялады. Иран қауіпсіздікке ие және кейбір топтардың елдің шығыс аймақтарында әрекет еткенін біледі. Олар осыдан екі ай бұрын Балучестанда 9 адамды өлтіріп, көршілес елдердің жағдайын пайдаланып, Иранға қарсы әрекеттенуде»,- деп жауап берді.

Зариф ирандық басшылардың аймақта қауіпсіздік орнатуды мақсат етететіндігіне тоқталып: «Иран көршілес елдердің, тіпті Сауд Арабиясы мен Қатардың да қауіпсіздікке ие болғанын қалайды»,- деп қуаттады.