Лондонда төтенше жағдай орнатылды
Лондон қаласының батысында 27 қабатты ғимарат өртенгеннен кейін қала әкімі төтенше жағдай орнатты.
Лондонның полиция қызметі қала тұрғындарынан оқиға орнынан алыс жүруді сұрап, ғимараттың құлау ықтималдығын ескертті. Лондонның өрт сөндіру қызметі: "40 өрт сөндіру көлігі мен 200 өрт сөндіруші өртті ауыздықтап, оның көршілес ғимараттарға өрістеуінің алдын алуға талпынып жатыр" деп мәлімдеді.
"Әл-Алам" арнасының мәлімдеуінше, Лондонның полиция қызметінен 6 адам қаза болып, кем дегенде 30 адам жараланған.
Бұл ғимаратта 120 пәтер болған. Өрт жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат бірде ғимараттың екінші қабатында басталып, жылдамдықпен басқа қабаттарды шарпыған. Өрттің шыққан себебі әлі анықталған жоқ.