Тиллерсонның араласушылық сөздері – АҚШ-тың Иран алдындағы шарасыздығының шарықтау шегі
АҚШ Мемлекеттік хатшысы дұшпандық және араласушылық ұстанымында ислам революциясы жеңісінің 40 жылдығы қарсаңында тағы бос уәждерін айтуда. Мұның алдында да америкалықтар ислам революциясының жеңісімен қатар түрлі тәсілдермен жорамал жасағандарымен, ешқашан нәтижеге жеткен емес және жете алмайды.
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон сәрсенбі күні халықаралық құқықтарды бұзған, қабылдауға келмейтін сөзінде: "АҚШ билікті бейбіт түрде табыс етуде Вашингтонға көмектесе алатын Ирандағы адамдарына қолдау көрсетеді",- деді. Бұл сөздер АҚШ-тың Иран Ислам Республикасының халықтық және қуатты жүйесінің алдындағы шарасыздығы мен қауқарсыздығын көрсетеді. Сонымен қатар, АҚШ Мемлекеттік хатшысының негізсіз әрі арсыз сөздері Иран халқының түрлі топтары арасында қабылданбайды. АҚШ-тың ислам революциясына қарсы мақсаттарының бірі Ислам Республикасы жүйесін әртүрлі қатты әрі жұмсақ айла-тәсілдермен құлату болды. Бірақ, америкалықтардың Иранның ішкі мәселелерін талдаудағы қабілетсіздігі оларды дәрменсіз етті.
Америкалықтар ислам революциясына дейін және одан кейін де Иран халқының өз тағдырын шешуде маңызды рөл атқарған кез келген салаларға тікелей және жанама түрде араласып отырды. Х.ш.ж.с.б. 1332 (1953) жылғы 28-мордад төңкерісі мұнай өнеркәсібін ұлттандыру арқылы шетелдіктердің олар үшін шешім қабылдауын қаламайтын халықтың қалауына қарсы америкалықтардың араласушылығының айқын мысалы болды. АҚШ пен Ұлыбританияның қауіпсіздік және барлау органдарының ынтымақтастығы Мохаммад Мосаддеқтің уақытша үкіметінің биліктен тайдырылуымен аяқталды. Бүгінде бұл америкалық-ұлыбританиялық төңкеріс баршаға мәлім.
Ислам революциясының жеңіске жетуімен америкалықтардың халыққа деген дұшпандығы да арта түсті әрі олар жаңадан құрылған Иран Ислам Республикасының ревоюциясы мен жүйесін нысанаға алды. "Бүркіттің тырнағы" амалын жоспарлау, Иран мен Ирак арасында соғыс отын өрбіту, әртүрлі саяси және діни тұлғаларға террор жасау, алауыздық тудырушы және революцияға қарсы лаңкестік топтармен ынтымақтастық жасау мен экономикалық санкциялар – америкалықтардың ислам революциясынан кейін Иран Ислам Республикасы жүйесінің берілуі үшін қолданған айла-тәсілдерінің қатарына жатады. Алайда америкалықтар үнемі жеңіліске ұшырады.
Иран халқы әрдайым Ислам революциясының тағдырды шешуші түрлі оқиғаларына, әсіресе сайлаулар мен 22-бахман шеруіне, Ислам революциясы жеңісінің жылдығына қатысуы арқылы америкалықтардың араласушылығына жауап берді. Сондай-ақ, миллиондаған халықтың жуырда 2017 жылдың мамырдың он тоғызы күні президенттік сайлаудың он екінші кезеңіне жаппай қатысуы өздерінің америкалықтарға деген жеккөрушіліктерін көрсетті. АҚШ үнемі Иранның ынтымағы жарасқан халықының арасына алауыздық тудыруға талпыныс жасады. Содан кейін халық пен Ислам республикасы жүйесі арасында алшақтық тудыру арқылы өзінің негізгі мақсатына жетпек болды. Алайда олардың бұл түсі Иран халқының қырағылығының арқасында ешқашан өңге айналмайды.
Мысалы, бұрын АҚШ пен Ұлыбритания революцияға қарсылар және алданғандармен ынтымақтаса отырып, 2009 жылы Ирандағы президенттік сайлаудан кейін "сайлау алаяқтық жолмен өткізілді-міс" деп, кең түрде үгіт-насихат жасап, Иран халқын жүйеге қарсы айдап салуға талпынды. Бірақ, Иран халқының даналығы мен қырағылығы олардың қастандық әрекеттерін сәтсіздікке ұшыратты.
Халықтың бірлігі мен оның Ислам Республикасы жүйесінің дұшпандарынан хабардарлығы, оларды танып-білуі және исламдық Иранның күннен-күнге артып келе жатқан қуаты мен билігі АҚШ-ты Ислам революциясы алдында қауқарсыз етті. Ал Дональд Трамп үкіметінің Мемлекеттік хатшысының араласушылық сөздері дәл осы шеңберде мағынаға ие болып отыр. Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасемидің айтуынша, шарасыздық, орынсыз индукциялардың ықпалына түсіп, шындықты қабылдамау АҚШ-тың жаңа үкіметінің сыртқы саясатының айқын ерекшеліктеріне жатады.