Сенаттың Иранға қарсы әрекеті АҚШ-тың аймақтағы бүлдіргі саясаттарын бүркемелейді
АҚШ Сенаты ИИР-на қарсы санкциялар салу туралы заң жобасын бекітті. "Иранның тұрақсыздандырушы әрекеттерімен күрес – 2017 туралы заң" атты бұл заң жобасына 98 оң, екі қарсы дауыспен Сенатта қабылданды.
Өкілдер палатасының мүшелері дауыс беріп, президент қол қойғаннан кейін бұл заң жобасы заң ретінде бекітіледі. АҚШ Сенатының бұл заң жобасы үш негізгі тараудан тұрады: алғашқысы баллистикалық зымырандарға қарсы; екіншісі лаңкестікке, үшіншісі қару-жараққа байланысты санкциялар.
АҚШ Сенаты санкция салу туралы заң жобасын бекітпестен бұрын Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Арақчи былай деп мәлімдеген еді: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының 26-29 тармақтарына сәйкес АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасын игі ниетпен және сындарлы кеңістікте жүзеге асыруға міндетті. АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасының табысты іске асуына теріс ықпал етететін кез келген әрекеттен бас тартуы тиіс".
АҚШ Сенатында Иранға қарсы жаңа санкциялар туралы заң жобасының бекітілуі әртүрлі мәселелерді қамтығандықтан, АҚШ-тың "Ортақ қадам" бағдарламасы негізіндегі міндеттемелеріне қайшы келеді. Осыған байланысты Иран Ислам кеңесі мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссияның ақпарат өкілі Хосейн Нағави Хосейни Иранның «Бірінші арнасына» берген сұхбатында: "АҚШ Сенатының заң жобасы "Ортақ қадам" бағдарламасын әшкере түрде бұзу саналады",- деді.
АҚШ Сенатындағы Вермонт штатының өкілі сенатор Берни Сандерс бейсенбі күні Иранға қарсы жаңа санкциялар туралы заң жобасын бекіткеннен кейін: "Иранға қарсы жаңа санкциялар Иранның ядролық келісіміне қауіп төндіреді. "Ортақ қадам" бағдарламасын олай қатерге ұшыратудың қажеті жоқ",- деп мәлімдеді.
Мұның алдында Иранның революция жетекшісі Иран президентіне "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты берген бұйрықтарында: " "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асырғаннан кейін келіссөз жүргізген тараптың әрбір мемлекеті тарапынан кез келген деңгейдегі және кез келген, әсіресе қайталама және лаңкестік пен адам құқықтарына байланысты сылтаумен қандай да болсын санкция салуы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бұзу саналады. Осыған байланысты арнайы шара қолдану керек",- деп айтқан болатын. Дәл осы шеңберде, Сенаттың заң жобасын бекітуімен қатар Иран Ислам кеңесі мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясы заң жобасы түрінде әртүрлі салаларды қамтитын жауапты шара қолдануды жұмыс тәртібіне қойды. Жуырда бұл заң жобасы Мәжіліс тарапынан бекітіледі.
Мұның алдында Иран СІМ АҚШ-тың Иранға қарсы санкция салу әрекетіне реакция білдіріп, жалпы АҚШ-тың 23 жеке тұлғасы мен компаниясын Иранның АҚШ-қа қарсы санкциялар тізіміне қосқан болатын. Бұл америкалық жеке тұлғалар мен компаниялар аймақ пен әлемде лаңкестіктің етек жаюы мен басып алынған Палестина жерлеріндегі сионистік режимнің қылмыстарына қолдау көрсетуде маңызды рөл атқарады.
АҚШ "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты қағаз жүзінде ядролық келісімді қабылдағанымен, іс жүзінде оны бұзып отыр. Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасына беріктігі мен жауапкершілігі АҚШ-ты тығырыққа тіреді. Дональд Трамп үкіметі өзінің "Ортқа қадам" бағдарламасына қарсы сөздеріне қарамастан, соңында Иранға қарсы экономикалық санкцияларды уақытша тоқтатуын создыртуға мәжбүр болды. Осылайша, Трамп үкіметі мен АҚШ президентімен бағыттас басқа да ұйымдар "Ортақ қадам" бағдарламасына ықпал ету мақсатында Иранға қарсы кеңістік құруға бет бұрып, осы аяда Иранға қарсы жалпы санкциялар туралы заң жобасын АҚШ Сенатында бекітуді көздеді.
Сенаттың осы заң жобасында Иранның Ислам революциясына қарасты Сақшылар корпусы лаңкестікке қолдау көрсетуде деген уәжбен нысанаға алынса да, АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандық саясатының дәлелі саналады. Иран АҚШ, Израиль мен Сауд Арабиясы демеу көрсетіп отырған лаңкестіктің құрбаны бола тұра, бұл елдің өзіне лаңкестікке қолдау жасайды деген айып тағылып отыр. "Иранның тұрақсыздандырушы әрекеттерімен күрес" деп аталатын заң жобасының Сенатта қабылдануы ДАИШ секілді лаңкестік топтардың АҚШ-тың рұқсатымен құрылып, бұл ел лаңкестік пен аймақтағы тұрақсыздықтың негізгі факторы саналатын режимдерге қолдау көрсету саясаттарын ұстанған жатқан жағдайда орын алды. Сауд Арабиясы АҚШ-тың қолдауының арқасында күн сайын Йеменнің күнәсіз халқын америкалық қару-жарақтармен жаппай қырып-жоюда. Сонымен қатар, аталмыш елдегі ваххабизм идеясы аймақ пен әлемде лаңкестікті таратушы саналады.