БҰҰ Лондондағы лаңкестік шабуылға реакция білдірді
Маусым 20, 2017 21:25 Asia/Almaty
БҰҰ Бас хатшысының ақпарат өкілі Ұлыбританияның астанасы Лондонда мұсылмандарға жасалған шабуылды айыптады.
БҰҰ Бас хатшысының ақпарат өкілі Стефан Дуджарик: "Лондондағы мұсылмандарға қарсы шабуыл үрей мен қорқыныш тудырып, оларды жәбірлеу мақсатында қасақана жасалған іс-әрекет болды" деді.
Дүйсенбі күні Лондонда мешіттен шығып жатқан намазхандарға жасалған лаңкестік шабуылда 1 адам қаза болып, 11 адам жараланды.