Ресей мен Тәжікстанның Ауғанстан шекараларында бірлескен жаттығуы басталды
Тәжікстан мен Ресей әскери күштерінің бірлескен жаттығуы Тәжікстанның оңтүстігінде Ауғанстанмен шекаралас аймақтарда лаңкестік топтарға қарсы қажетті дайындыққа қол жеткізу мақсатында басталды.
Жергілікті ақпарат құралдарының Тәжікстан Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, осы жаттығу жергілікті уақыт бойынша сейсенбі күні таңғы сағат 6:00- да Тәжікстанның Хатлон облысының бес аймағында басталды.
Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы Ферейдун Мұхаммад Әлиев: «Осы әскери жаттығудың негізгі кезеңі екі мың ресейлік және шамамен 48 мың тәжікстандық әскери күштің қатысуымен Хатлон облысының Ляур, Харб-майдон, Момирак және Халкаер аймақтарында ең жаңа қарулар мен соғыс тәсілдерін, сонымен қатар әскери тікұшақ пен ұшақты қолдану арқылы басталды.
Екі елдің парашютистері Тәжікстан мен Ауғанстанның шекаралық аймақтарында тікұшақтардан түсіп, Ауғанстаннан Тәжікстанға кірген шартты жаумен соғысқа машықтанады» деді.
Осы бірлескен жаттығуда алғаш рет Тәжікстан аумағында «t-95» бомбалаушы ұшағы қолданылады.
Жаттығу наурыздың 20-на дейін жалғасады.