Ресей Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымында тұрақты мүше болуын қолдайды
Ресей Президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісімен кездесуінде өз елінің Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымында тұрақты мүше болуын қолдайтынын қуаттады.
ИИР-ның Ресейдегі елшілігінің ақпараттық дипломатия бөлімінің хабарлауы бойынша, Ислам революциясы жетекшісінің халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі сейсенбі күні Ресей Президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковпен кездесіп, екіжақты және аймақтық әріптестікке қатысты ең маңызды тақырыптарды талқылап, пікір алмасты.
Осы кездесуде Ресей Президентінің халықаралық істер жөніндегі көмекшісі ИИР-ның орнына тоқталып: «Ресей Иранмен екіжақты, көпжақты және аймақтық қарым-қатынасты стратегиялық негізде дамытуды және бұл елдің Шанхай ынтымақтастық ұйымында толық мүше болуын қолдайды»,-деп мәлімдеді.
Велаяти де осы кездесуде Ресеймен қарым-қатынасты дамытудың Ислам революциясының жетекшісі мен Иран үкіметі үшін маңыздылығына тоқталып: «Екі елдің байланысын бетке алған бағытта дамыту және тереңдету үдерісін тоқтату мүмкін емес. Өзара стратегиялық байланыстар күн сайын артып келеді. Екі ел Сирия мен Ирак сияқты аймақтық мәселелерде ортақ көзқарастарға ие және жақсы әріптестік жасауда»,-деді.