Дүниежүзінің ақпарат құралдары әлемдік Құдс күнгі шерулерге реакция білдірді
Иран халқының әлемдік Құдс күнгі шеруіне жаппай қатысуы дүниежүзінің әртүрлі ақпарат құралдарының реакциясына тап болды.
«Associated Press» жұма күні Иран халқының әлемдік Құдс шеруіне жаппай қатысуын мойындап: «Иранның жер-жерінде Палестина жерінің басып алынуына қарсы ұрандармен Израильге қарсы шеру өтті»,- деп мәлімдеді.
Франция ақпарт агенттігі Иранда өткен әлемдік Құдс күнінің шерулеріне реакция білдіріп: «Иран халқы Құдс күні шеруінде Израиль мен Сауд режиміне қарсы ұрандар айтты»,- деп жазды.
«Рейтерс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, жүздеген мың ирандық «Израильге – өлім!» деген ұранмен Иранның жер-жеріндегі әлемдік Құдс күнгі шеруіне қатысты.
«Синь-Хуа» ақпарат агенттігі: «Ирандықтар «АҚШ-қа өлім!» және «Израильге өлім!» деген ұрандарымен Палестина халқына өз қолдаударын жариялады»,- деп хабарлады.
«Нью-Йорк таймс» газеті: «Ирандықтардың «Израильге өлім!» деген ұранмен өткен Израильге қарсы шерулерде ирандық зымырандар көрсетіліп, Иран халқы бұл шеруде Израильдің басқыншылығын тоқтатуды талап етті»,- деп жазды.
Сионистік «Таймс», «The Jerusalem Post» және «Га-Арец» газеттері де: «Ирандықтар Рамазан айының соңғы жұмасында қайтадан көшелерге шығып, Израильге қарсы ұрандарын айтты»,- деп жазды.
Маусымның 18 күні Сириядағы ДАИШ лаңкестік тобының орталығына қарай атылған Иранның баллистикалық зымырандарының суреттерін сионистік «Га-Арец» газеті бірінші бетінде жариялады.