2017 жылы Иранда болат өндірісі артуда
Маусым 25, 2017 14:09 Asia/Almaty
Әлемдік болат ассоциациясы Иранның 2017 жылдың алғашқы бес айында өзінің шикі болат өндірісін 8 миллион 159 мың тоннаға арттырғанын, мұның өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда шамамен бір миллион тоннаға артық болғанын мәлім етті.
Әлемдік болат ассоциациясының 2017 жылдың бес айына қатысты есебінде: «Иранның болат өндірісі 2017 жылдың мамыр айында бір миллион 790 мың тоннаны құрады. Бұл cан 2016 жылдағы ұқсас мерзіммен салыстырғанда болат өндірісінің шамамен екі жүз пайыз артқанын көрсетеді» деп мәлімдеді. Әлемдік болат ассоциациясы Иранды әлемдік болат өндіруші елдердің арасындағы төртінші ел деп атады.
Тегтер