Иран жастарының волейбол командасы әлем чемпионатында Аргентина командасын жеңді
Маусым 26, 2017 13:10 Asia/Almaty
Иран жастарының волейбол командасы Аргентина жастарының командасын жеңіп, Чехиядағы әлем чемпионатының екінші кезеңіне жол тапты.
Иран жастарының волейбол командасы сенбі күні 3:2 есебімен Аргентина командасын жеңіп, жарыстардың үшінші тобының басында орналасты.
Иран жастарының волейбол командасы аталмыш жарыстардың үшінші тобында Италия, Аргентина және Украина командаларымен бірге болды. Ирандық волейболшылар осыған дейінгі екі кездесуінде Украина мен Италия командаларын жеңді.
21 жасқа жетпеген жастар арасындағы волейбол чемпионатының 19-ші кезеңі ең мықты 16 команданың қатысуымен маусымның 23-нен шілденің 7-не дейін Чехияда өтуде.
Тегтер