Қырғызстан республикасы Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына тұрақты мүше болып кіруін қолдады
Қырғызстан республикасы Сыртқы Істер Министрінің орынбасары Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына тұрақты мүше болып кіруін қолдады.
Қырғызстан республикасы Сыртқы Істер Министрінің орынбасары Эмиль Кайкиев Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына тұрақты мүше болып кіруін бұл ұйымның халықаралық саладағы дамуына себеп болады деп бағалап: «Бұл мүшелік аталмыш ұйымның әлем мен аймақ деңгейіндегі ұстанымдарының нығаюына себеп болады»,- деді. Эмиль Кайкиев, сондай-ақ Қырғызстан мен Иран арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың кеңеюі қажеттігін қуаттады.
Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан мен Үндістан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының тұрақты әрі негізгі мүшелері. Иран, Моңғолия және Ауғанстан ұйымның бақылаушы мүшелері саналады.