Petya вирусы Аустралияға да жетті
Әлемнің жер-жерінде серверлер мен компьютерлерді нысанаға алған Petya вирусы Аустралиядағы орталықтар мен сауда кеңселеріне де шабуыл жасады.
Аустралияның IBC сайтының мәлімдеуінше, бұл вирус кейбір компьютерлік файлдарды бұғаттап, иелерін бопсалайды. Аустралиядағы кейбір белсенді мұнай компаниялары мен телефон желілері киберлік шабуылдардың нысанасына алынған орталықтардың қатарына енді. Бұл вирус сонымен қатар сейсенбі күні Ресейдің ең ірі мұнай компаниясына ықпал етіп, украиналық банктердің жұмыстарына нұқсан келтіріп, халықаралық тасымал және жарнамалық компаниялардың жұмыстарында ақау тудырды. 9 күн бұрын киберлік шабуылдарын бастаған Petya вирусы файлдарды жауып тастап, оны қайтадан ашу үшін 300 доллар көлемінде ақша сұрайды.