АҚШ Ресеймен жасаған зымырандық келісімнен шығуы ықтимал
https://parstoday.ir/kz/news/world-i28466-АҚШ_Ресеймен_жасаған_зымырандық_келісімнен_шығуы_ықтимал
АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы директорларының бірі бұл елдің Ресеймен жасаған зымырандық келісімнен шығу ықтималдығы туралы ескертті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 29, 2017 05:43 Asia/Almaty
  • АҚШ Ресеймен жасаған зымырандық келісімнен шығуы ықтимал

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы директорларының бірі бұл елдің Ресеймен жасаған зымырандық келісімнен шығу ықтималдығы туралы ескертті.

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы директорларының бірі Уильям Бейни Вашингтонның  орта қашықтықтағы ядролық зымырандарға тыйым салу шартын біржақты түрде бұзуға әрекеттенуінің Ресей мен Батыстың арасында жаңадан қырғи-қабақ соғысының басталуына соқтыратынын ескертті.

Ресей мен АҚШ арасындағы  орта қашықтықтағы ядролық зымырандарға тыйым салу шарты 300-ден бастап 3400 мильге дейінгі қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымыранды дамытуға, орнатуға немесе сынақтан өткізуге тыйым салады.