ЮНЕСКО: Израильдің Бейт әл-Мұқаддасқа еш иелігі жоқ
https://parstoday.ir/kz/news/world-i28656-ЮНЕСКО_Израильдің_Бейт_әл_Мұқаддасқа_еш_иелігі_жоқ
БҰҰ-ның ЮНЕСКО ұйымы Израильдің Бейт әл-Мұқаддасқа еш иелігі жоқ екенін мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 05, 2017 12:07 Asia/Almaty
  • ЮНЕСКО: Израильдің Бейт әл-Мұқаддасқа еш иелігі  жоқ

БҰҰ-ның ЮНЕСКО ұйымы Израильдің Бейт әл-Мұқаддасқа еш иелігі жоқ екенін мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ЮНЕСКО сейсенбі күнгі қарарында «Израильдің Бейт әл-Мұқаддасқа еш иелігі  жоқ» деп қуаттап, басып алынған Құдстағы бұл режимнің қазба жұмыстарын айыптады.

Израиль қасиетті Құдс қаласын 1967 жылдан бері жаулап алған.

ЮНЕСКО мамыр айының 2 күні қарар бекітіп, сионистік режимді Бейт әл-Мұқаддас пен Газа секторындағы халықаралық заңдарды бұзумен айыптап, Израильді «басқыншы күш» деп атады.

ЮНЕСКО сонымен бірге өткен жылы еврейлердің Бейт әл-Мұқаддастағы қасиетті мекендерге қатыстылығына күмән тудыратын қарар бекітіп, Израильдің ашу-ызасына себеп болды. Израиль ЮНЕСКО-ның өткен жылғы қарарына реакция білдіріп, БҰҰ осы органымен ынтымақтастықтарын тоқтатқан болатын.