Иран мен Еуразия Одағы жеңілдік тарифтер туралы келісімге қол қойды
Иран мен Еуразия Экономикалық Одағына мүше бес ел Арменияның астанасы Ереван қаласында импорт үшін жеңілдік тарифтерді қамтитын 530 өндірістік тауарға қатысты келісімге келді.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран мен Еуразия Одағы арасындағы өнеркәсіптік тауарлардың импортына қатысты жеңілдік тарифтер туралы келісімнің жобасына сәрсенбі күні кешке Арменияның астанасы Ереванда Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрінің орынбасары Моджтаба Хосроутадж бен Еуразия Одағының Сауда министрі Вероника Никишина қол қойды.
Сонымен қатар Иранның Өнеркәсіп және ауылшаруашылығы джиһады министрліктерінің өкілдері мен Еуразия Одағы өкілдері арасындағы екі күндік келіссөздер аясында басқа да салалардағы серіктестік негіздері қарастырылды. Иранмен Еуразия Экономикалық одағы шамамен үш жыл бұрын еркін сауда аймақтарын құруға қатысты кең ауқымды келіссөздерді бастаған болатын.