АҚШ Құдсты басып алушы режимге жан-жақты қолдау көрсетуін жалғастыруда
АҚШ жұма күні Халиль қаласын палестиналық деп атап, ЮНЕСКО ұйымы бұл қаланы әлемдік мәдени мұра тізіміне қосуына байланысты аталмыш ұйыммен қатынасын қайта қарастыратынын хабарлады.
Жұма күні БҰҰ-ның Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) Польшаның Краков қаласында өткен 41-ші отырысында Йордан өзенінің батыс жағалауындағы Халиль қаласы мен Ибраһими кесенесін ЮНЕСКО-ның қатер төніп тұрған әлемдік мұралар тізіміне қосу туралы ұсынылған қарардың жобасы АҚШ пен Израильдің қатты қарсылық білдіруіне қарамастан бекітілді.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Ники Хейли: "Бұл шешім ЮНЕСКО ұйымының беделін түсірді. АҚШ өзінің бұл халықаралық ұйыммен қатынасын қайта қарастырады",- деген уәж айтты.
Сонымен қатар, осы қарарды бекіткеннен кейін сионистік режимнің өкілі өзінің әдепсіз сөздерінде ашу білдіріп, дипломатиялық келісімнен шығатынын айтып, БҰҰ Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының әрекетін бейбітшілік, шарапат пен адамгершілікке қайшы деп атап, Германия, Куба және Ливанның өкілдерін кінәлап, отырыстан шығып кетті.
Сионистік режим өкілінің отырыстан шықпай тұрып жасаған ақылсыз әрекеттері мен айтқан сөздері әлем елдері өкілдерінің мазағына ұшырады.