Иран ядролық қарусыздану туралы келісімді кесімді түрде қолдайды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i28742-Иран_ядролық_қарусыздану_туралы_келісімді_кесімді_түрде_қолдайды
Иран жұма күні Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінің №1 конференс-залында бас қосып, кез-келген жағдайда ядролық қаруды жасау, сынақтан өткізу, өндіру, алу, иемдену, жинау, тасымалдау, пайдалану және оны пайдалану арқылы қоқан-лоққы жасауға тыйым салуға негізделген келісімнің мәтінін бекітті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 08, 2017 13:08 Asia/Almaty
  • Иран ядролық қарусыздану туралы келісімді кесімді түрде қолдайды

Иран жұма күні Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінің №1 конференс-залында бас қосып, кез-келген жағдайда ядролық қаруды жасау, сынақтан өткізу, өндіру, алу, иемдену, жинау, тасымалдау, пайдалану және оны пайдалану арқылы қоқан-лоққы жасауға тыйым салуға негізделген келісімнің мәтінін бекітті.

Бұл келісім сионистік режим мен ядролық қарулармен жабдықталған мемлекеттердің барлығы, әсіресе АҚШ дауыс беруді заңсыз деп таныған жағдайда бекітілді.

Ядролық қарулар батыс елдері өркениетінің өнімі. Тек бір мемлекет, яғни АҚШ тарапынан Жапонияның Нагасаки және Хиросима қалалаларын ядролық бомбалау кезінде пайдаланылды. Сол оқиғадан бірнеше онжылдық өткенімен, адами апаттың құрбандарынан салдарларын байқауға болады. Қазіргі кезде әлемнің қару-жарақ қоймаларында сақтаулы бомбалар 5-50 миллион tnt қуатқа ие. Мұндай көлемдегі бомбалармен жердің көзін бірнеше рет жоюға болады.

Әйгілі америкалық теоретик, ойшыл әрі сарапшы Ноам Хомский 2017 жылы сәуірде Truth out ақпарат агенттігіне берген сұхбатында ядролық қарулардың қатері туралы былай деді: "...АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама билігі кезінде ядролық бағдарлама жаңартылып, енді АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп бұл үдерісті кеңейтуде".

Хомский Ресейдің АҚШ-тың ядролық қару-жарақтарды кеңейту жөніндегі бағдарламасынан хабардар екеніне тоқталып: "Олар (ресейліктер) қауіпті сезген жағдайда алдын алу шабуылын жасау қажеттігіне көздері жетуі мүмкін. Себебі, кері жағдайда өлетін тараптың олар екені айдан анық. Бұл біздің барлығымыз өлеміз дегенді білдіреді",- деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, Хомский америкалық ақпарат құралдары мен бұл елдің лауазымды тұлғаларының Вашингтонның ядролық қаруларды таратуға тыйым салуға талпыныс жасап жатқаны туралы мәліметті теріске шығарып: "Олардың ядролық қаруды таратумен күресуге талпыныс жасап жатпағаны анық. Егер олар бұл мәселемен күрескісі келсе, жүзеге асыратын іс көп. АҚШ – әлемдегі ең қауіпті ел",- деп баса айтты.

Адам мен қоғам құқықтарына, адамның өмірі, бостандығы мен тыныштығына қауіп төндіретін факторлардың алдында қауіпсіздікті сезіну барлық мемлекеттердің, бәрінен бұрын елдердің бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында құрылған Бірікке Ұлттар Ұйымының міндеті болып табылады. Осы орайда ИИР-ның жаппай қырып-жою қаруларына қатысты саясаты оның бұл қаруларды пайдаланумен күресіп, оларды жоюға белсенді түрде қатысуы болды. Ядролық қаруларды жасырын түрде жасауға қатысты батыс елдерінің айыптауларына ұшыраған ИИР әлемге жаппай қырып-жою қаруларынан арылу арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жол бастап келе жатқанын дәлелдеді. Себебі, Иранның өзі де жаппай қырып-жою қаруларының құрбаны болған.

Осындай әдіспен Иранның Халықаралық Атом Қуаты Агенттігіндегі тұрақты өкілі БҰҰ жұма күні өткен отырысында: "Иран әлемдегі ядролық қаруларды иемдену мен пайдалану немесе пайдалану арқылы қоқан-лоққы жасауға тыйым салу түріндегі міндеттеменің мақсатын толық қолдайды",- деп мәлімдеді.

Реза Наджафи сондай-ақ революция жетекшісінің жаппай қырып-жою қаруларының харам екендігіне негізделген пәтуасына сілтеме жасап, бұл отырыстың міндеттеменің мәтініндегі діни жетекшілердің ядролық қаруларды толығымен жоюға бағытталған талпыныс жасаудағы рөліне тоқталғанына алғыс білдірді.

Реза Наджафи сионистік режимнің сезімтал Таяу Шығыс аймағындағы ядролық қарулардың төндіретін қатерлеріне тоқталып: "Иранның ядролық қарудан азат аймақ құру туралы ұсынысы бұл елдің осы қарулардың аймақта төндіретін қаупін жоюға бағытталған талпынысының көрінісі саналады" деді.