АҚШ Қорғаныс министрінің Иран туралы сөздері барлық халықаралық ережелерге қайшы
АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттистің Иран туралы сөздері АҚШ-тың Иранда қандай мақсаттарды көздейтінін тағы көрсетті. АҚШ Қорғаныс министрі «Daily Caller» ақпарат сайтына берген сұхбатында: «Иран мен АҚШ арасында екіжақты оң қарым-қатынас орнау үшін Ирандағы режим өзгеруі тиіс»,-деді.
Бұл сөздерге ИИР Қорғаныс министрі бригада генералы сардар Хосейн Деһқан тарапынан мағынаға толы жауап берілді.
ИИР Қорғаныс министрі АҚШ Қорғаныс министрінің Иран туралы сөздерінің арсыз әрі барлық халықаралық құқық ережелеріне қайшы екенін айтып, АҚШ Қорғаныс министрінің Иран туралы ішкі іске араласушылық сипатты сөздерін ауырған адамның сандырағына ұқсайды деп сипаттады.
АҚШ жоғары лауазымды тұлғаларының Иран туралы дипломатиялық әдептен тыс әрекеттері мен сандыраққа ұқсас сөздері тек Иран басшыларының реакциясына ұшырап қана қойған жоқ. «The Washington Post» газеті де осы сөздерге реакция білдіріп, өзінің кешегі санында АҚШ-тың 1953 жылдың тамыз айында болған төңкерістегі рөлі мен АҚШ басшыларының Иранда үкіметті өзгерту қажеттігін айтқан жуырдағы сөздеріне тоқталып: «АҚШ басшылары тарихты ұмытқандарын көрсетіп, өздерін жеңіліске соқтыруы мүмкін қатерлі ойынға кірді»,-деп жазды.
«The Washington Post» газетіндегі мақаланың авторы Трамп үкіметінің Иранда режимді өзгерту туралы құжаттарын жақсылап қайта талдау қажеттігін айтып: «Өткен айдың аяғында АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті бұл елдің 1953 жылы Иранда болған төңкерістегі рөлі туралы жүздеген құжат жариялады. Сол жылы АҚШ ОББ мен Ұлыбритания барлау ұйымының ортақ қастандығы Иранда заңды үкіметтің құлауына себеп болды. «Қырғи қабақ» соғысына қатысты геосаяси мәселелер мен Батыстың Моссадеқ тарапынан жасалған мұнай өнеркәсібін мемлекеттендіру үдерісіне ашу-ызасы осы қастандықты өршіткен факторлардың қатарына жатады»,-деп мәлімдеді.
54 жыл бұрын АҚШ-тың сол кездегі Ирандағы елшісі Хендерсон да Иранға қатысты осындай көзқарас ұстанған.
Ирандық тарихшы Ерванд Абрамян бұл жөнінде былай дейді: «Хендерсон кей кездері «АҚШ басқа елдердің ішкі ісіне араласпау туралы кесімді саясатты көздейді» деп байсалды түрмен айтатын. Содан соң өзі асқан салқынқандылықпен ішкі іске араласатын».
Қазір де АҚШ-тың бүгінгі басшылары баяғы сөздер мен ойларды қайталап жатыр. Бұл Ақ үйдің өткен саясаттарды қайта жаңғыртып жатқанын көрсетеді. Осындай жағдайда оның ең үлкен қателігі мынада: АҚШ ИИР әлсіз де бағынышты режимдермен салыстырып, бұрынғыдай Иранға қоқан-лоққы жасап, мойынұсынуға мәжбүрлеймін деп бос қиялдайды.
АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон осы бос қиялды АҚШ Сенатының сыртқы істер комитетінде тілге тиек етіп: «АҚШ Вашингтонға Ирандағы билікті бейбіт түрде алмастыруға көмектесе алатын ішкі элементтерге қолдау көрсетеді»,-деді.
АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис те осы қиялды сөзімен одан ары өршітті. ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми АҚШ басшыларын шынайы ойлап, өткеннен сабақ алуға шақырып: «АҚШ басшылары тарихты ұмытқандарын көрсетіп, өздерін жеңіліске соқтыруы мүмкін бір қатерлі ойынға кірісті»,-деді.
ИИР жүйесін іштен құлату және әскер мен ақшаның күшімен жүйенің ішкі құрылымын өзгерту сияқты шаралар АҚШ басшыларының Иранға қатысты көзқарастарының түпкі негізін құрайды. Джеймс Мэттис пен Рекс Тиллерсонның сөздері осындай ойларды жеткізіп отыр. Алайда, бұл сөздер мен көзқарастарда бір шындық бар: бұлар АҚШ-тың Иранға қарсы мақсаттарына жету үшін барлық таңдау жолдарын қарастырып жатқанын көрсетеді.