Ресейде оппозиция басшысын өлтірген адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i28938-Ресейде_оппозиция_басшысын_өлтірген_адам_20_жылға_бас_бостандығынан_айырылды
2015 жылдың ақпан айында Кремль сарайының маңында өлтірілген Ресей үкіметі қарсыластарының жетекшісі Борис Немцовтың өліміне қатысты сот отырысы бейсенбі күні аяқталып, Заур Дадаев басты қылмыскер ретінде 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 14, 2017 08:49 Asia/Almaty
  • Ресейде оппозиция басшысын өлтірген адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды

2015 жылдың ақпан айында Кремль сарайының маңында өлтірілген Ресей үкіметі қарсыластарының жетекшісі Борис Немцовтың өліміне қатысты сот отырысы бейсенбі күні аяқталып, Заур Дадаев басты қылмыскер ретінде 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұрын Ресейдің Ішкі істер министрлігінде қызмет еткен бұл офицер сонымен қатар өзінің барлық үкіметтік міндеттерінен босатылды. Сот үкіміне сәйкес, Дадаевтың үш сыбайласы да 14-19 жылға бас бостандығынан айырылған. Немцов 1991 жылы Кеңес үкіметі құлағаннен кейін Нижегородск облысының губернаторы болған.