АҚШ Таяу Шығыста соғыс ашу үшін алты мың млрд доллар жұмсады
Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштері қолбасшысының орынбасары: "АҚШ Таяу Шығыста соғыс ашу үшін алты мың млрд доллар жұмсады, алайда бұл соғыс оларға ешқандай табыс әкелмеді",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сақшылар корпусына қарасты Құдс күштері қолбасшысының орынбасары сардар Исмаил Қаани бейсенбі күні Иранның солтүстігіндегі Амоль ауданында өткен бір рәсімде: "АҚШ пен оның араб жалдамалыларының айқын қолдауына ие болған ДАИШ лаңкестік тобы Ирак пен аймақта сенделіп жүргенде лаңкестік топтарды демеушілер бұрынғыдай тәкаппарлық танытуда.
АҚШ өткен он жыл ішінде өзінің батыс одақтастарымен бірге қаруланған лаңкестік күштерді қалыптастырып, аймақтың мұсылмандарына айдап салды. Адам құқығын қорғау сияқты жалған уәделер беріп, әскери құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы аймақта шиеленіскен соғыс тудырды",-деді.