АҚШ басшылары өткеннен сабақ алуы керек
https://parstoday.ir/kz/news/world-i28984-АҚШ_басшылары_өткеннен_сабақ_алуы_керек
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ғасеми: «АҚШ-тың жаңа басшылары өткеннен сабақ алып, Иран халқымен тек құрметпен сөйлесуі керек»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 16, 2017 05:07 Asia/Almaty
  • АҚШ басшылары өткеннен сабақ алуы керек

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ғасеми: «АҚШ-тың жаңа басшылары өткеннен сабақ алып, Иран халқымен тек құрметпен сөйлесуі керек»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми сенбі күні АҚШ Президенті Дональд Трамптың Париж сапарында Иранға қарсы жөнсіз сөздеріне реакция білдіріп: «АҚШ Президентінің кеңесшілері бұрынғы кеңістікте қалып, Иран мен аймақ және әлемнің қазіргі өзгерістерінен хабарсыз»,- деп мәлімдеді.

АҚШ Президенті шілденің 13 күні  франциялық әріптесі Макронмен өткізген ортақ ақпарат брифингінде негізсіз уәждерін қайталап, Иранды Батыс үшін негізгі қоқан-лоққы деп атап: «Вашингтон әлемде тұрақтылық орнатуға талпынуда»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің  баспасөз хатшысы АҚШ-тың жаңа үкіметіне аймақ пен әлемдегі Иранның оң және сындарлы рөліне назар аударып, бүлік пен көтерілісті өзі мен аймақтағы кейбір шапқыншы  одақтастарының эгоистік және бейберекттік орнатуды мақсат ететін саясаттары мен әрекеттерінен іздеуге кеңес берді.