АҚШ – әлем үшін шынайы қауіп
https://parstoday.ir/kz/news/world-i29000-АҚШ_әлем_үшін_шынайы_қауіп
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы ойластырылмаған ұстанымдарына реакция білдіріп, АҚШ-тың жаңа басшыларына өткеннен сабақ алып, Иран халқымен тек құрмет тілінде сөйлесуге кеңес берді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 16, 2017 11:37 Asia/Almaty
  • АҚШ – әлем үшін шынайы қауіп

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы ойластырылмаған ұстанымдарына реакция білдіріп, АҚШ-тың жаңа басшыларына өткеннен сабақ алып, Иран халқымен тек құрмет тілінде сөйлесуге кеңес берді.

Бахрам Ғасеми сенбі күні ИИР-ның аймақ пен әлемдегі оң, сындарлы әрі тұрақтылық сыйлайтын рөліне тоқталып: «АҚШ Президентінің кеңесшілері өткеннің бұлыңғыр кеңістігінде қалып, Иран мен аймақ пен әлемдегі өзгерістерден мүлдем бейхабар»,-деп мәлімдеді. 

АҚШ Президенті бейсенбі күні Парижде Франция Президенті Эммануэль Макронмен өткен ортақ баспасөз конференциясында дұшпандық ұстанымын білдіріп, Иранды АҚШ пен Еуропа, соның ішінде Францияға қауіп төндіріп отырған қыңыр ел деп атады.

Ақ үйдің жаңа басшылары АҚШ-тың Иранға деген жауластық қатынасын бұрынғыдан да көбірек көрсетіп, кез келген трибунада АҚШ-тың бүлдіргі саясаттарына жауап берудің орнына басқаларды әлемге қауіп деп таныстырады. 2001 жылы 11 қыркүйектен кейін АҚШ үкіметінің лаңкестікпен күрес желеуімен күн тәртібіне қойған саясаттарына жалпылама шолу жасағанда бүлік шығарып, қырсықтық танытатын шынайы тарап айқындала түседі.

Ауғанстан, содан соң Иракты басып алу барысындағы, сондай-ақ, қазіргі таңда Таяу Шығыстағы өзгенің қолымен жүргізіліп жатқан соғыстар барысындағы АҚШ-тың қатігездік пен бейбастақтыққа толы әрекеттері оны ешбір гуманистік және моральдік принциптерге берік емес режимге айналдырды. АҚШ-тың соғысқұмар режимінің көздегені әлемнің әртүрлі аймақтарында тынышсыздық пен лаңкестікті тарату болып отыр. АҚШ Сауд әулеті сияқты мансапқор режимдерге қолдау көрсету арқылы Еуропада терроризм мен қатігез экстремизмнің таралуының негізгі ошағы ретінде әлемдік қауіп-қатердің басты көзі саналады.

Дональд Трамптың көзқарасы бойынша, АҚШ-тың отарлық саясатын ілгерілететін бұл терроризмнің элементтері саудиялық ваххабиттік мектептерде дайындалып, АҚШ-тың қаржы көздерінен көмекақы алған. Осы салада АҚШ Сенатының сыртқы саясат комитетінің басшысы Боб Коркер бейсенбі күні саудиялық режимнің терроризмге кең түрде қолдау көрсететінін айтып, Сауд Арабиясын осы сұрқия құбылысты қолдайтыны үшін сынады. Боб Коркер  АҚШ Сенатының сыртқы саясат комитетінің мүшелерінен Сауд Арабиясының терроризмді қолдау деңгейін нақты зерттеуге шақырды.

Батыс елдерінің Сауд Арабиясының тәкфирлік және қатігез экстремистік идеологияның таралуын қолдауына қатысты кейбір зерттеулері Сауд әулеті режимінің өткен 50 жылдың ішінде 87 млрд долларды тікелей терроризмнің басты көзі ретіндегі ваххабистік идеологияны тудыру және оны қайта жаңғыртуға жұмсағанын көрсетеді. 

Трамптың Иранға қарсы жөнсіз ұстанымдары Сауд Арабиясы сияқты режимдермен қару-жарақ келісімдері негізінде АҚШ-тың қару-жарақ жасау зауыттарының қалтасына түсетін орасан зор табысты кепілдендіруден туындап отыр. Өз елінде сынға ұшырап отырған Трамп қоғамдық пікірді әлемдік қауіптің негізгі көзінен алдарқату үшін Иранға қарсы негізсіз уәждер айтса да, одан ештеңе өнбейді.  «Әл-Хайят» газетінің ақпарат сайты бір мақалада: «Екі америкалық ассоциацияның зерттеулері бойынша, 2008-2016 жылдары орын алға шабуылдардың 201-ге жуығы «лаңкестік» деп аталған»,-деп жазды. Осы екі ассоциация да аталмыш лаңкестік шабуылдардың үштен екісінің АҚШ-тың әсірешіл оңшылдары тарапынан жасалғанын айтып отыр.