Иран мен Қырғызстан денсаулық сақтау және емдеу саласында меморандумға қол қойды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i29098-Иран_мен_Қырғызстан_денсаулық_сақтау_және_емдеу_саласында_меморандумға_қол_қойды
Иран мен Қырғызстан денсаулық сақтау, емдеу және фармацевтикалық ынтымақтастықтарды кеңейту салалары бойынша үш меморандумға қол қойды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 19, 2017 04:36 Asia/Almaty
  • Иран мен Қырғызстан денсаулық сақтау және емдеу саласында меморандумға қол қойды

Иран мен Қырғызстан денсаулық сақтау, емдеу және фармацевтикалық ынтымақтастықтарды кеңейту салалары бойынша үш меморандумға қол қойды.

Иран Телерадио бірлестігінің сейсенбі күнгі хабарлауынша, денсаулық сақтау саласында ортақ ынтымақтастықтарға қатысты меморандумды жүзеге асыру бағдарламасы, фармацевтикалық ынтымақтастықтар протоколы және екі министрдің келіссөздерінің протоколы ИИР-ның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі сейіт Хасан Ғазизаде Һашеми мен Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрі Талантбек Батыралиев Бішкекте қол қойған үш меморандум болып табылады.

Сонымен қатар, Иран мен Қырғызстан арасындағы меморандумдардың жүзеге асырылуын жүйелі түрде қадағалап отыратын екі елдің ортақ комитеті құрылды.

Хасан Ғазизаде Һашеми мен Талантбек Батыралиев келіссөздерінің екінші кезеңінің соңында денсаулық сақтау, емдеу, фармацевтика және медициналық білім беру салаларындағы әріптестіктерді кеңейтуді қуаттады.

ИИР-ның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім беру министрі дүйсенбі күні бір делегацияны бастап, Бішкекке келді.