Сионистік режимнің туы Ұлыбритания жерінде тапталды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i29226-Сионистік_режимнің_туы_Ұлыбритания_жерінде_тапталды
Ұлыбританияда сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстары мен әл-Ақса мешiтін қорлау әрекетіне наразылық білдіріп, шеруге шыққандар Израильдің туын өртеп жіберді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 24, 2017 10:10 Asia/Almaty
  • Сионистік режимнің туы Ұлыбритания жерінде тапталды

Ұлыбританияда сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстары мен әл-Ақса мешiтін қорлау әрекетіне наразылық білдіріп, шеруге шыққандар Израильдің туын өртеп жіберді.

Russia Today ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, сенбі күні Британияда шеруге қатысушылар сионистік режимнің палестиналықтардың әл-Ақса мешітіне кіруін шектеудегі саясаттарына наразылық білдіріп, Израильдің туын өртеп, жерге таптады. Бұдан кейін британиялық полиция шерушілерге шабуыл жасады.

Сонымен қатар сионистік режимнің әл-Ақса мешітін қорлау әрекеттеріне наразы АҚШ-тың мыңдаған азаматы, соның ішінде еврейлер Нью-Йорк көшелерінде шеруге шығып, бұл режимнен басқыншылық пен палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап етті.

Наразылық шеруі Times алаңынан басталып, сионистік режимнің БҰҰ-дағы өкілінің кеңсесі орналасқан жаққа қарай бет алды.

Наразылық шеруіне қатысушылар әлемдік қауымдастықтан сионистік режимнің әл-Ақса мешітіне қарсы қорлау әрекетіне реакция білдіріп, АҚШ-тан бұл режимге қаржылай көмек көрсетуін доғаруды сұрады.

Наразылық білдірушілер көптеген америкалықтардың үкіметке салық түрінде төлейтін ақшаның Израиль режимінің қылмыстары үшін жұмсалып жатқанын білмейтінін баса айтты.