Иран каратеден өткен әлем біріншілігінде үшінші орынды иемденді
Шіл 27, 2017 09:47 Asia/Almaty
ИИР-ның каратеден ұлттық командасы Польшада каратэден өткен әлем біріншілігінде 1 алтын және 4 күміс жүлдемен үшінші орынға табан тіреді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Польшаның Ворцлав қаласында каратеден әлем біріншілігінің сәрсенбі күні кешке өткен соңғы сайыстарында ирандық спортшылар 1 алтын және 3 күміс жүлде алды. Осылайша Иран командасы 1 алтын және 4 күміс жүлдемен Жапония мен Франция командаларынан кейін үшінші орынға тұрақтады.
Грузия, Түркия мен Тайландтан келген қарсыластарын жеңіп, финалға жол тартқан Иранның 84 кг-ға дейінгі салмақтағы каратешісі Забихулла Пуршиб финалда жапондық қарсыласын жеңіп, алтын медальға ие болды.
Тегтер